Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Анасы ұл бала күткендіктен Жорабаеваның есімін медбикелер қойған

Алтынай Жорабаеваның анасы перзенті ұл болады деп ойлап, қыз балаға арнайы есім ойластырмаған екен. Перзентханадан шығарда шұғыл ат қою керек болып, сол жердегі медбикелердің таңдауына жүгінеді. Олар өз кезегінде “Алтынай” есімінің әдемі екенін айтып, осылай қоюға кеңес береді.

image

Фото: instagram.com/zhorabayeva/

Бұл туралы Астана арнасының “Аналар” бағдарламасында айтылды.

Есімін медбикелер қойған әнші жастайынан тарих пәнінің мұғалімі болуды армандаған екен. Алайда әкесі оқуға түсе алмай қалады деп қорқып, оны өнерге баулыған. Мектептен кейін Қазақ-түрік университетінің Өнер факультетіне тапсыртқызған. Бүгінде танымалдылыққа қол жеткізсе де, Алтынай әнші болуды ешуақытта армандамағанын айтады.

“Роза Рымбаева апамызды сондай бір пір тұтып, әндерін жаттап, өзімше айтып жүретінмін. Ол кісінің әндері өте қиын ғой. Бала күнімде падаға қосылмай қалған қошақандарды, кішкене ақсақ-тоқсақ қозылар мен бұзауларды бақшаға жіберетін. Оларды бағам деп барып, алдыларында тұрып ән саламын. Бүкіл репертуарымды айқайлап тұрып айтып беремін. (Күлді.) Есейгенше қозыларға жеке ән кешін беріп өстім”, – дейді Жорабаева.

Әкесі әншінің өте тұйық болып өскенін айтады. Анасынан тіпті қорыққан көрінеді. Өйткені әнші болашақ жары туралы анасына емес, бірінші әкесіне айтуды жөн көрген.

“Ол сыртқа шығармай, ішінен қайтарады. Өзі ерекше болып өсті. Сол себепті оған көп дауыс көтере бермеймін”, – дейді әкесі.

Бүгінде әншінің Сәбит Әбдіқалықовтан туған 4 қызы бар. Жуырда жеке кәсіпті қолға алып, өзінің сұлулық салонын ашты.


Жіберіп алмаңыз:

Сәбит Әбдіқалықов инфаркт алып ауруханада жатыр

Алтынай Жорабаева енесімен неге бірге тұрғысы келмейтінін айтты

Алтынай Жорабаваеваның атқа отырып,тау бөктерінде еркін шапқанына көпшілік таң қалды

Қазақстандағы көпбалалы жұлдыздар

Талқылау