Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Футбол көріп сабақтан қалған қыздың түсінік хаты жұрттың күлкісін келтірді(фото)

Желіде мұғалімге түсініктеме жазған ананың хаты пайда болды. Онда оқушының анасы 11-сыныпта оқитын қызының “Барселона-ПСЖ” матчын көріп сабаққа бара алмай қалғанын жазыпты.

17352283_1343196385744997_7323099952409203800_n

Бұл туралы Аян Шәріпбаев Фейсбуктегі парақшасында жариялады.

“Менің қызым 11″а” сынып оқушысы Камила 09.03.17 күні таңғы 5-ке дейін “Барселона”-“ПСЖ” матчын көргендіктен сабаққа бара алмады. Таңға дейін футбол көрген соң ұйықтап қалды. Матч 6:1 есебімен “Барселонаның” пайдасына аяқталды. Түсіністік танытуыңызды және кешіруіңізді сұраймыз. “Синий Китке” қарағанда футбол көрген дұрыс қой. Құрметпен, анасы”, – деп жазылған хатта.

Желі қолданушылары ата-ананың мынадай түсініктемесіне ерекше таңғалушылықпен қараған.

“Дұрыс жазған. Кілтімді ұмытып кеттім, ауырып қалдым деп өтірік айтқаннан гөрі, осы дұрыс”, “Қаптаған синус, тангенске қарағанда Барса маңыздырақ қой”, “Мүмкін мұғалім де Барселонаның жанкүйері шығар, ата-ана соны біліп жазып отыр” деп әзілдейді желі қолданушылары.

Оқи отырыңыз:

Шымкентте жол бойында тұрып жанармай сұрайтын алаяқ қыз пайда болды (видео)

Екі жастағы бүлдіршін 55 мемлекеттің астанасын жатқа айтып жұртты тамсандырды (видео)

Қазақстандық әже қыздарға 20 жасқа дейін босанып алуға кеңес берді

Алматыда жас ана өзінің сәбиін 2 мың долларға сатып жіберді

Талқылау