Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Анасы мен әпкелерімен бірге ән шырқаған Жазира Байырбекова жұртты таңдай қақтырды (видео)

Жазира Байырбекова анасы және бауырларымен бірге ән шырқап, көпшілікті таңдай қақтырды. Көпшілік апалы-сіңлілі арулардың қазақы нақыштағы киіміне де тәнті болды, деп жазады Stan.kz.

Анасы мен әпкелерімен бірге ән шырқаған Жазира Байырбекова жұртты таңдай қақтырды (видео)

Байырбекова анасы келген шақта бауырларының өз үйінде жинала қалғанын айтып қуанды.

“Естелікке суретке түсіп жатқанбыз. Анам ән айтқысы келіп кетті. Анам келгенде 5 қызы ойда жоқта біздің үйде жиналып қалыпты. Екі кішкентай сіңлілерім бұл жолы келмеді. Бауырларымның келгеніне өзіміз Астанадан келе салысымен аяқ астынан осындай мереке жасап жібердік. Анам және бес перзенті. Ботагөз, Сабира, Ләззат, Жазира, Назира. Бұл жерде Аққал мен Ұлдан ғана көрінбейді”, – деп бөлісті Байырбекова инста-парақшасында.

Желі қолданушылары Байырбековалардың талантымен қоймай, киім үлгісіне де тәнті болды.

“Арнайылап бірдей киініп алғансыздар ма?”, “Неткен керемет, анаңыздың даусы күшті екен”, “Қыз деген өріс, қандай керемет”, “Мен де осындай көп қызым болғанын қалаймын”, – деп пікір білдірді олар.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Жанболат & Жазира (@zhanbolatzhaziraa)

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

 

Талқылау