Анасы қызының Даун синдромына шалдыққаны үшін дәрігерлерді сотқа берді

Бейсенбі, 3 Желтоқсан , 2015 19:46

Ол жүктілік кезінде УЗИ сараптамасынан 3 рет өткен. Алайда, дәрігерлер жүктіліктің кемістігі жайында ескертпеген. Босанған соң ғана дәрігерлер баладан бас тартуын айтқан.

image126212 (1)

Бұл туралы STAN.KZ  Диапазон-ға сілтеме жасап хабарлайды.

Ақтөбе облысының тұрғыны Шынар Иманқұлова қызының Дауна синдромына шалдығып туғанына дәрігерлерді кәнілап сотқа берді. 33 жастағы Шынар Иманқұлова Дон мектебінің мұғалімі. 2014 жылдың 23 маусымында оның үшінші баласы, Анар есімді қызы дүниеге келген. Ол қыз қазір 1 жарым жаста. Сөйлемейді, жүрмейді. Дәрігерлер оған Дауна синдромымен ауырады деген диагноз қояды.

“Бала көтергенімді білген күннен бастап, есепке тұрып, Хромтаудағы аудандық ауруханаға қаралып тұрдым. Жеті ай бойы ауырдым. Ауыл дәрігері мен аудан ауруханасының дәрігерлері менің диагнозымды дәл таппай, біресе лорға, біресе хирургке жөнелтті. КДЦ томаграфиялық диагностикасынан өткен соң ғана, менің жақ асты бездерімнің қабынғаны анықталды. Мен ол кезде жүкті екенімді білмедім. Сондықтан ем қабылдай бердім. Ыстық уколдар алып, антибиотиктер қойды. Жүкті екенімді кейін білдім”, – дейді ол.

Анасының айтуынша, жүктілік кезінде УЗИ сараптамасынан 3 рет өткен. Алайда дәрігерлер ол кезде жүктіліктің кемістігі жайында ешнәрсе айтпаған. Босанып, қызының ауру хәлін білген соң, дәрігерлер баладан бас тартуын айтқан. Бірақ оған өзі де, кұйеуі де көнбепті.

Хромтау аудандық ауруханасының бас маманы Рүстем Исаевтың айтуынша, Шынар Иманқұловаға қатысты барлық құжаттар қазір медициналық сараптамада қарастырылып жатыр.

“Егер сараптама нәтижесінде дәрігерлердің кінәсі болмайтын болса, біздің ауруғанаға қатысты, акушер-гинекологтарымызға қатысты қылмыстық іс жүргізілмейді. Оған жүктілік кезінде ұрықта Дауна синдромы болуы мүмкін екені айтылған. Бұл туралы медициналық кітапшада жазылған. Дәрігерлер оның ем қабылдағанын білген соң, жүктілікті үзу керектігін айтқан. Алайда оған көнбеген”, -дейді Рүстем Исаев.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
24.07.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар