Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Анасы қызын 9 жасына дейін емізген 

Төрт баланың анасы баланың өзі бас тартпайынша, оны емізген дұрыс деп санайды. Сондықтан қызын 9 жасына дейін емізген.

Солтүстік Йоркшир тұрғыны баланы емізген уақытта бала мен ана бір біріне өте жақын болатынын айтады.

“Шарлотта өмірге келгенде оны қинап омырау сүтінен ажыратпаймын деп шештім. Соңғы кездері ол өзін нашар сезіне бастағанда айына бір рет емізіп жүрдім”, – дейді анасы.

Қазір екі айдан бері қызын емізбеген. Айтуынша, кеуде сүтінің әсерінен қызының денсаулығы жақсы.

“Қызым өзі омырау сүтінен бас тартқан соң ғана тоқтаттық. Ол тоғыз жыл бойы емгендіктен арамыз өте жақын қатынаста деп ойлаймын”, – деді анасы.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы баланы кеуде сүтімен тамақтандыруға кеңес береді. Алты айға толғанда қосымша тамақ беруге болады.
Анасының айтуынша қызы 5 жаста болғанда оны күніне үш рет емізген. Ол кездері шаштаразда, супермаркетте, тіпті шіркеуде емізуге ұялмағанын айтады. Кейін өсе келе тек үйінде емізетін болған.
“Маған үнемі жағымсыз пікір жазатын. Мұны балаға жасалған қастандық деп атады. Мені педофил дегендер де болды. Бұрын көңілім түсетін. Кейін үйреніп кеттім. Бастысы қызым олардың айтқаны дұрыс емес екенін біледі”, – дейді анасы.
Талқылау