Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Анасы Қайрат Нұртастың қызықтары мен ерекше қылықтары туралы айтты

Қайрат Нұртасты танымал қылған басындағы бағы мен анасының маңдай тері екеніне ешкімнің де таласы жоқ. Расымен де, баласының өнерін байқап, оны үлкен сахнаға шығармас бұрын Гүлзира Айдарбекқызы көп тер төкті. Жата-жастана жылап, баласымен бірге барахолка базарында жұмыс  істеген күндері де болған. Анасының осы даралығын байқаған Қайрат қазақ елінің алдында анасынан кешірім сұрады.

ec4b3a87-8ddb-4f37-a376-3a287f83a7ff

Фото: Comode.kz

Продюсер “Аналар” жобасына берген сұхбатында 28 жыл өміріндегі қызықтарымен, Қайрат Нұртастың ешкім білмейтін қылықтарымен бөлісті.

Келін болып түскен кезде тек картоп қуыру мен сорпа әзірлеуді білетін анасы осы күнде шоу-бизнестің ғана емес, асхананың да шебері болып үлгерген. “Бірінші кезде қамырды қалай жаюды білмейтінмін. Қайын ағам қонаққа келгенде қамырып қатты болып қалып, терлеп-тепшіп екі сағат илегенім бар. Ет асып беремін деген ойым ғой” дейді Гүлзира ханым. Алғашында осылай болса да, Қайрат Нұртастың анасы қайын жұртының алдында еш қызарған емес. Тіпті баласын емес, әкесі Нұртасты да халыққа танымал етті.

7838080e52617b34a7dd67d3aff0fe4c

Фото: Comode.kz

Мұны жұбайы Нұртас мырза да мойындайды. “Ол кісінің еңбегі бала-шаға үшін зор болды. 1988 жылы отбасын құрдық. Қандай тірлік болмасын, отбасымыз үшін істелген тірліктің бәріне атсалысты. Өзіміздің жайлы өмір сүруімізге және мына балалардың келешегі деп жасалып жатқан дүниелер ғой” дейді отағасы. Нұртас мырза жұбайын қуантып қана қоймай, жиі дауыс көтеріп ренжітетін сәттері болады екен. Әсіресе қонаққа барарда өзін күттіріп қойған кезде. 10 минутта шығамын деп алып, 45 минут сәнденіп жүретінін айтады. Соңғы кезде бұл әдетіне бойы да үйреніп қалған сыңайлы.

Қайратқа аяғы ауыр кезінде Гүлзира ханым балыққа жерік болған екен. Әкесі ол уақытта бірінші курс студенті, оның үстіне сабағы тым нашар болғандықтан шәкіртақы да алмайды. Бірақ сүйіктісін қалдырмайын деп ақшасын тиындап жинап, балық әкеліп беретін болған.

Дүниеге 3 кг 700 гр болып келген Қайратты анасы өзгелерден алғашқы күні-ақ  қызғана бастаған. Тіпті шомылдыруға көмектесейін деген абысынын да қасына жолатпаған. Анасының айтуынша, бесікте жатқан Қайрат өзі айтып берген әннің ырғағын қайталап жатып ұйықтап кетеді екен.

maxresdefault

Фото: miss.inform.kz

Арманына жеткізген “Арман” әнінің хит болуын әншінің отбасы ұзақ күтті. “Жұрттың бәрі бізді аспанға ұшып кеткендей көрді. “Ойбай мен сендерді хит болды, шетелде демалып жатырдеп ойлап жүрсем” деп айтқандар да болды. Қытайдағы достарымыз звондап, барлығы күшті болып жатыр деген кезде, Барахолка базарында жүрген Қайрат екеуіміз қатты таңқалдық” деп анасы жиі еске алатын сәтімін бөлісті.

Бір кездері Қайрат Нұртастың афишасын ұрлап алу сәнге айналған-ды. Мұны анасы да жасырмайды. Ел ұрлап кетпесін деп түнде шығып ілген күндерінің болған айтты.

Шулы оқиғадан кейін Қайрат Нұртас сахнаға қайта оралып, еш жерде бермеген концертін өткізді. Бұл продюсердің жеңісі еді. Алайда анасы үшін бұл маңызды емес. “Қайрат келіп мойнымнан иіскеген кезде осы күнге дейін жасаған еңбегім, бүкіл жылағандарым, өзім білмейтін қалада жүргендерімнің өтеуі іспетті болды. Жоғарылаған сайын қуанасың. Өйткені ол жоғарыласа да, сен де жоғарылайсың. Ал енді сол жеткен жетістігіңнің шыңынан құлау – ең жаман нәрсе екен. Ол күні Қайрат екеуіміз де ұйықтамай, ас ішпей қоятын шығармыз” деп ауыр күндердің артта қалғанына ризашылығын білдірді. Алайда ана жүрек үнемі уайымдайды. Тіпті, “балаларым бірнәрсеге ұрынып хабарласып қалса ше” деген оймен телефонын да сөндіріп көрмеген екен.

20a51b48-edf1-4c83-9bb4-a88944a475e0

Фото: newstop.kz

Продюсері анасы болғанына қуанатын Қайрат “Ананы сыйлай білу керек. Ананы ең бастысы қадірлей білу керек. Анаңды бар кезінде бағалауың керек. Сен үшін ең қымбат жанашырың сол” деп осы күнге дейін тамған әрбір көз жасы үшін өкінетінін айтып, кешірім сұрады.

Көп қиындықтан өттік дейтін ана балаларын алда не күтіп тұрғанын білмейді. Сол себепті жатса да, тұрса да уайымдап жүреді.

Естеріңізде болса, осы уақытқа дейін анасының Қайрат Нұртасқа туған күнімен құттықтау үшін хабарласа алмай жатқаны туралы жазған болатынбыз.

Әнші Қайрат Нұртас неге екені белгісіз осы күнге дейін отбасы туралы ресми ақпарат берген емес. Алайда интернет беттерінде әншінің Жұлдыз Әбдукәрімова есімді жары мен төрт баласы бар екені туралы ақпарат көп жазылды. Әзірге бұл ақпараттың қаншалықты рас екені белгісіз.

Талқылау