Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Анасы 13 жастағы қызын Пәкістанға алдап апарып, өзінен екі есе үлкен ер адамға тұрмысқа шығуға мәжбүрлеген

Ұлыбританияда 13 жастағы қызын Пәкістанға алдап апарып, өзінен екі есе үлкен ер адамға тұрмысқа шығуға мәжбүрлеген әйел сотталды.

Анасы 13 жастағы қызын Пәкістанға алдап апарып, өзінен екі есе үлкен ер адамға тұрмысқа шығуға мәжбүрлеген

Сурет: Akhtar Soomro/Reuters

Бұл туралы Reuters агенттігіне сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Іс материалдарына сәйкес, қыз 13 жасында анасымен бірге Пәкістанға саяхаттауға барған. Алайда ол жерде анасы қызын 29 жастағы ер адаммен таныстырып, мәжбүрлеп тұрмысқа берген. Мұнан кейін кәмелет жасқа толмаған қыз өзінен екі есе үлкен ер адамнан жүкті болып қалады. Алайда ол баланы алдыруға мәжбүр болып, артынша Ұлыбританияға қайтып оралған.

Мұнан кейін анасы 2016 жылы қызы 18 жасқа толғанда оны тағы да Пәкістанға алдап алып барған. Ол жаққа бара салысымен, қызын бұған дейін некелескен күйеуіне қайта тұрмысқа шығуға мәжбүрлепті. Алайда қызы тұрмысқа шыққысы келмейтінін айтқанда, анасы оны ұрып-соғып, төлқұжатын өртеп жіберетінін айтып қорқытқан.

Артынша Ұлыбритания билігі бұл жайттан хабардар болып, Жоғарғы сот қыздың Ұлыбританияға қайтарылуын талап еткен. Осы кезде анасы қызын қорқытып, болған жайт туралы тіс жарса, оған қара дуа жасайтынын айтқан. Жоғарғы сот қыздың некелескені туралы қалай білгені аталмады.

Ендігі қыздың анасы оны тұрмысқа шығуға мәжбүрлегені үшіе 3,5 жылға бас бостандығынан айырылды.

Айта кетсек, бұған дейін Араб жігітіне тұрмысқа шыққан қазақ әйел жұмбақ жағдайда көз жұмған еді.

Талқылау