Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Анасы кішкентай қызының фотосуретіне қарап, оның қатерлі дертке шалдыққанын білді

Аустралияның Квинсленд штатының тұрғыны кішкентай қызының фотосуреттерінен қатерлі ісікті белгісін байқаған.

Анасы кішкентай қызының фотосуретіне қарап, оның қатерлі дертке шалдыққанын білді

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Seven News порталына сілтеме жасап хабарлайды. 

Келли Перрен 5 жасар қызының фотосуреттерін көріп отырып, оның сол көзінің қарашығынан әлдененің жарқырап тұрғанын байқайды. 

"Мұның себебін түсіне алмадым. Адамдардан қызымның көзінен біртүрлі жарық көрінетін-көрінбейтінін сұрадым. Алайда оған ешкім мән бермеді", - дейді әйел. 

Әйел қызын бірден дәрігерге алып барған. Ол жерде қызға ретинобластома, яғни көз торының қатерлі ісігі диагнозы қойылыпты. Дәрігерлер жас пациентке ота жасап, сол көзін алып тастады.

Дәрігерлер аталған дерттің көбіне 3 жасқа толмаған балаларда анықталатын дерттің өмірге қауіп төндіретінін ескертті. Олар ата-аналарды мұқият болып, балаларын тексеріп тұруға шақырды. 

Талқылау