Анасы емтиханнан жеткілікті жоғары балл жинамаған баласынан бас тартты

Қытайдың Ляньян қаласындағы Хэнань ауданында анасы сынақтан жоғары баға алмаған ұлынан бас тартты, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі. 

Анасы емтиханнан жеткілікті жоғары балл жинамаған баласынан бас тартты

Куәгерлердің айтуынша, әйел алдымен көшенің қақ ортасында 12 жасар ұлына айқайлап, бірнеше рет ұрған. Содан кейін жасөспірімді жол бойында қалдырып, өзі көлігіне отырып кетіп қалыпты. Біраз уақыттан кейін әйелдің баласына қайтып оралмайтынын көрген соң, куәгерлер полиция шақырған.

Оқиға орнына келген полицейлер жасөспірімді жол бойынан тапты. Ол вокзалға бара жатқан екен. Оқушы полицейлерге «емтиханды нашар тапсырғанын және анасы күткендей 95 балл емес, 81 балл жинағанын», ал сол үшін анасының қатты ашуланғанын айтып, жағдайын түсіндірді.

Содан кейін тәртіп сақшылары куәгерлерден куәлік алып, қытайлық әйелдің көлігінің нөмірін анықтап, оған қоңырау шалды. Алайда, полициямен сөйлескенде, әйел баласынан бас тартты. 

«Ол маған енді керек емес. Онымен не істесеңіздер де өздеріңіз білесіздер. Тіпті, маған қарсы іс қозғасаңыздар болады»,- деген баласынан бас тартқан ана.

Әйелдің бұл сөзіне таңданған полиция қызметкері ананы «жауапсыз» деп атап, және оны сабырлық танытуға шақырды. Бірақ, одан ешқандай нәтиже шықпады.

Ақыры жасөспірім полиция бөлімшесінде бір сағаттай отырды, содан кейін оны ағайы алып кетті. Ал «ұлынан бас тартқан анаға» қарсы қандай шаралар қолданылатыны әлі белгісіз.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Загрузка...
Қазір оқып жатыр