Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Анасы Димаштың өзгерген имиджіне қатысты: Шашын басқа түске бояп тастаған жоқ

Қытайдағы I am a Singer жобасына қатысқан соң, Димаш Құдайбергеннің имиджі өзгеріске ұшырады. Тыңдармандар осылай дегенімен, анасы бұл пікірмен онша келісе қоймайды. 

Димаш Құдайберген

Бұл туралы "Қарақатпен шай" бағдарламасына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды. 

"Димаштың имиджі өзгерді дегенге, енді ол шашын басқа түске бояған жоқ, болмаса тақырлап алып тастаған жоқ. Өзінің әдемі толқынды шашы. Өзінің жасына сай. 20-дан асқан кезінде Қытайдағы байқауға қатысты ғой. Нағыз бозбалаға ыңғайлы имидж деп қабылдадым. Өзіме ұнады", - дейді Светлана Айтбаева.

Әкесі Қанат Айтбаевтың сөзіне қарағанда, бұрынғы имиджіне қарағанда Димаштың өзі де күлкіге кенеледі. Әкесі бозбала шақта ұлының өзге әншілерге еліктегенін айтады. Димаш ұқсағысы келгендердің арасында Лучано Паваротти, Дмитрий Хворостовский, Андреа Бочелли сынды өнер майталмандары бар. 

"Шашы ұзын болған кезінде әншілерге, басқаларға еліктеген болар. 18-19 жасында осылай жүрді. Қазір өзі де "күлкілі болған екем" деп күледі. Яғни бала ол кезеңнен де өту керек.

Мына шашың ұнай ма деп сұрап қоятынбыз кезінде, "ұнайды" дейтін. Ұнаса солай жүре бер дедік", - деп күлді Қанат Айтбаев. 

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр