Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Анаңызды қауқарсыздығы үшін кешіріңіз

Анасы мен қызы бір-біріне ұқсайды. Бұл дегеніңіз – анасы кейде қызына қарап отырып өзінің бойындағы қасиеттерін көреді.

000047-0059-003483

Анасы мен қызына Инь энергиясы тән. Олардың жынысы да бір. Қыз уақыт өте келе әйел, ана бақытын сезінеді. Генетикалық, эмоционалдық және психологиялық тұрғыдан ол өз анасын қайталайтын болады. Өгей ана баққан қыздар да сол әйелдің әрекеттерін қайталайды. Анасы өз кезегінде қызының өзі бір кездері жіберген қателіктерді жібермегенін қалайды.

Мұндайда анасының белдіктің көмегіне жүгінгені жөн бе? Шын мәнінде, анасы өзінің бойындағы кемшіліктерін қабылдағысы келмейді. Осының салдарынан қызына жөнсіз тиісуді бастайды. Мысалы, кішкене қыз белгілі бір тапсырманы орындай алмай қиналып отыр делік. Ақыры ол жылап, «екі бүктеліп» жатып қалады. «Дені сау» ана барып оны құшақтап, қолдау көрсетеді. Алайда, көптеген әйел мұндайда ұрыса бастайды. Осылайша, қызын жігерлендіремін деп ойлайды.

Енді қоғамда болып жатқан тұрмыстық зорлық-зомбылықты еске алайық. Жоғарыдағы әйел кеңес өкіметі кезінде тәрбиеленді делік. Ол уақытта ер азаматтар ішімдікке салынып, отбасына күн көрсетпейтін. Қыздың әжесі, әйелдің анасы ажырасып, отбасынан кетіп қалғысы келетін. Алайда оның алдында пәтер мәселесі тұрды. Воланд айтпақшы, ол қайда баратын еді? Ал қоғам оның бұл әрекетін қалай қабылдайды? Коммунистік партия ажырасуды қолдамайтын. Ал ата-аналар қандай кеңес беретін еді? «Қандай болса да, күйеуіңнің бар болғаны жақсы. Басқасын қайдан табасың?»

«Құдай шыдаған, бізге төзімді бол» деген деп қыздың әжесі осы күйеуімен бірге тұруға мәжбүр болады. Қуануға күш-қуаты қалмаған. Шат-шадыман өмірді бақытсыз күндер алмастырып жатыр. Уақыт өте келе адамның тәні мен жаны тасқа айналады. Күні бойы диванда «екі бүктеліп» жатады.

Мұндай тәнті біз қайдан кездестірген едік? Жоғарыдағы қызды есіңізге алыңыз. Оның жеңіліс тауып, жатып қалғаны есіңізде ме? Анасы қызының бойынан өзінің анасының қасиеттерін көріп тұр. Бір кездері қызы секілді анасы да күйеуінен шаршап, бақытсыздықтан төсек тартып жатқан еді. Яғни әйел анасы мен қызының арасындағы айырмашылықты байқамайды.

Бала анасының қауқарсыз күйде жатқанын көре алмайды. Ана ол үшін тірек, күш-қуат алатын шуақ. Әйел жатырындағы қызын қауіпсіздікпен қамтамасыз етіп, оны қоректендірген болатын. Бала анасының барлық қиындықты жеңуге күш-қуаты мол жандай елестетеді. Анасының бақытты болғанын қалайды. Кез келген бала анасын жақсы көреді. Бұған балалар үйінің тәрбиеленушілерін мысал ретінде келтіруге болады. Олар өздерін ұрып-соғып, бір кездері тастап кеткен аналарына барғысы келетіндерін айтады. «Туған анама барғым келеді» деп жылайды.

Жоғарыдағы әйел анасына қалай көмектесе алатын еді деп ойлайсыз? Бәлкім өзінің адалдығымен анасының жарасын жеңілдететін бе еді? Бірге отырып жылап, әкесін жамандаса ше? Анасына жеңіл болуы үшін үй шаруасымен айналысса ше? Ол, расымен де, осылай анасына көмектесе ала ма? Иә, анасының жеңілдеп, қызын құрбысына айналдыратыны сөзсіз. Алайда, қызының бұл әрекеттері оның өмірін түбегейлі өзгерте ме? Жоқ! Ал анасына көмектесе алмаған қыз, өзін қауқарсыз, қажетсіз сезінеді.

Анасы өмір бойы бақытсыз болып өтуі мүмкін. Қызының көретін күні де бұдан алыс емес. Ең жақын адамың қиналып жатқан кезде қуану қиын. Уақыт өте келе ол да өзінің анасы секілді қауқарсыз екенін сезінеді. Ал әкесі қызына да зорлық-зомбылық көрсететін болса, екеуінің қиналатыны сөзсіз.

Қыз баланың мұндай отбасылық қиындықты жеңіп шығып, «Батыр» атануы – сирек кездесетін құбылыс. «Менің қолымнан келеді. Мен анам сияқты болмаймын! Өмірімді түбегейлі өзгертемін». Осылайша ол әкесі мен анасының арасындағы кикілжіңдерге кіріседі. Барлық жауапкершілікті өз мойнына алады. Анасын «туған қызына» айналдырады.

Ал мұндай «Батыр» қыздардың тағдыры не болмақ? Әртүрлі нұсқа бар. Көп жағдайда келесідегідей сценарий жүзеге асады. Ол өмір бойы отбасының жүгін өзіне артып, отбасының «отағасына» айналады. Өмірі қандай болады дейсіз бе? Күйеуі ішімдікке салынып, балаларын жалғыз өзі тәрбиелейді. Өмір бойы туысқандарының денсаулығына қарайлаумен өтеді. Жұмыстан бас көтермейтін болады.

Ол бақытты бола ма? «Қайдағы бақыт? Тезірек жинақталып, жұмыстарды бітіру қажет». Ол үнемі ситуацияны бақылайды. Уақыт өте келе ауыра бастайды. Сенім артқан адамдары алдайды. Бәрінен бұрын жаны қатты ауыратын болады. Себебі, ол жақсы көріп тұрған анасына көмектесе алмады. Бала секілді ойнап, достарыңмен қыдырғың келеді. Бірақ, үйдегі анаңды құтқаруың керек. Әкесімен қарым-қатынасы екі есе жанына бататын болады. Күтуші, бала бағушы, әпке, бауыр, ағаның да рөлін сомдайды. Қыз өзіне сатқындық жасап, анасының «бақытсыз өмірін» сүреді. Анасына көмектесе алмағаны үшін өзін жек көре бастайды. Анасын осы жағдайға жеткізген әкесін жек көре бастайды. Ең бастысы, ол «қауқарсыздық» сезімін қабылдай алмай қиналады.

Қыз өсіп, анасы әже болды. Өзінің қызы мектепке барып жүр. Сабақ тақырыптарын меңгере алмай қиналуда. Тапсырманы орындауға қауқары жетпейді. Анасын құшақтаса жақсы болатын еді… «Құшақтау дейсіз бе? Әлгі «қауқарсыз» денені құшақтау? Мен бұл қауқарсыздықты жек көремін. Ол менен балалық шағымды, анашымды тартып алды. Ол мені бақытымнан айырды. Бұл жатысыңды қалай түсінуге болады? Барып сабағыңды орында! Саған орныңнан тұр дедім ғой! Сен анаңды тыңдап отырмақсың ба? Күні бойы осылай жата бермексің бе?». Осылайша қыз «қауқарсыздық» сезімін бейсанасына жасырып қояды. Оны мүлдем қабылдамауға тырысады.

Ең бастысы – дәл қазір балалық шақты, отбасылық өмірдегі қиындықтарды еске түсіретін сезімдерден бас тарту. Осы шақты қабылдау әрі «қауқарсыздық» сезіміне деген жек көрінішті жою. Ең бірінші мысалда, әйел қызының емес, өзінің жанайқайын көріп тұр. Мықты адамның бетпердесін киіп алған ана қауқарсыздық сезімін басынан өткеріп жатыр. Бұл жерде қыздың ешқандай кінәсі жоқ. Ол бар болғаны анасын құшақтап, жылап алғысы келеді. Анасының не себепті бұлай өзіне суық қарым-қатынас танытып жатқанын түсінбейді. Қандай жағдай болмасын, бақытыңыздың өз қолыңызда екенін ұмытпаңыз!


Жіберіп алмаңыз:

Біз зиян деп бас тартып жүрген 9 өнімнің адам денсаулығына пайдасы зор

Мамандар қазақстандық аналарды жалқау деп айыптады

Лимонның бір бөлігін кереуетіңіздің жанына қойып қойсаңыз не болады

Нанның көгерген тұсын алып тастап жеу керек пе, әлде тастау керек пе?

Талқылау