Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ананың өмірі жоғалды: Денис Теннің қазасы Томирис Байсафаның анасына қатты әсер етті

Олимпиада жүлдегері, мәнерлеп сырғанаудан спорт шебері, мұз айдынын бағындырған жалғыз  қазақстандық спортшы Денис Теннің қазасы әр азаматтың қабырғасын қайыстырды. Жұртшылық әлі де қорқынынышты түс көргендей сезімде. Спорт тарихында өшпес із қалдырған Денис Теннің қайғылы қазасы биыл ғана тұңғышынан айырылған Томирис Байсафаның анасына да қатты еткен, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Ананың өмірі жоғалды: Денис Теннің қазасы Томирис Байсафаның анасына қатты әсер етті

Денистің қазасына қайғырған Томирис Байсафаның анасы Инстаграм парақшасында жантерентерлік жазба қалдырып, оқырмандардың жүрегін елжіретті.

“Ешкімнің басына бермесін. Денистің қазасы жүрегімдегі сыздаған жараның бетін тырнап ашып, қайта ауыртты. Қызыма болған жағдай қайта қайталанды. Сап-сау бала таң ата үйден жай ғана жұмыстарын біруге шыққан. Көп қан жоғалту, дәрігерлердің шарасыздығы. Ал, сен балаңа соңғы рет жақсы көремін, деп те айтып үлгермедің. Денистің анасының жүрегінде не болып жатқанын жақсы білемін”,- дейді Томиристің анасы Жанна Ахметова.

Өзінің де осындай қайғылы сәтті бастан кешіргенін айтқан ана ештеңенің ұмытылмайтынын айтып, жұртты тағы жылатты.

“Еш нәрсе көмектеспейді. Барлығы бос. Барлық жұмыстар, ұйқысыз түндер, үзілген үміт, бақытты жылдарға құрылған жоспар, болашақ үйлену тойы, немерелер, бақытты және тыныш қарттық. Олар бұл жетістікке 25 жыл жүрді. Ал, анасы өз еңбегінің жемісін көруге дайын болғанда қайғы-қасірет келді. Баланы жоғалтудан да екі есе ананың өмірі жоғалды. Бұл қайғы барлығының жүрегінен кетеді, бірақ анада ғана қалады. Қайғырып көңіл айтамын, Денис кешір. Екі жарқын періште онда достасып қаларсыңдар, деп үміттенемін. Бәлкім, сендер бірге болуларың керек пе еді… Біз сендерді өте жақсы көреміз. Жаратушы ием оларға көмектесе гөр, аумин”,-дейді баласынан айырылған ана.

Айта кетейік, танымал әнші Димаш Құдайберген де марқұм болған ақпейілді досы Денис Тен туралы жүрекжарды жазба жазып, оқырмандардың көңілін қайта босатты.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау