Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Павлодарлық әйел күйеуін 6 жасар қызына азғындық көрсетті деп айыптады: іс жабылып қалған

Павлодарлық Анна Кузнецова (кейіпкердің аты-жөні өзгертілген) адамшошырлық жайтты айтып берді. Әйелдің айтуынша, азаматтық некедегі күйеуі екі жыл бойы оның алты жасар қызына азғындық көрсеткен. Алайда 9 ай бойы жүргізілген тергеуден кейін іс жабылып қалған.

Анаңа айтсаң, планшетті лақтырып жіберемін Павлодарлық азамат екі жыл бойы 6 жасар қызын зорлап келген

Бұл туралы BNews.kz-ке сілтеп Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Анна жолдасымен азаматтық некеде 17 жыл тұрғанымен, заңды түрде некелеспеген. Отбасында үш қыз бар: үлкені – 14, ортаншысы – 10, кішісі – 6 жаста. Азаматтық некедегі ерлі-зайыптылардың тәп-тәуір үйі мен ортақ бизнесі бар.

«Өткен жылдың 7 шілдесінде Карина ауырып тұрғанын айтты. Әкем «қинап жіберді» деді. Одан кейінгі айтқан әңгімесінен төбе шашым тік тұрды. Үш тәулік бойы өз-өзіме келе алмадым. Кейіннен оның қызға 4 жасынан бастап азғындық жасағаны анықталды. Анаңа айтпа, әйтпесе планшет пен мысықты лақтырып жіберемін деп қорқытқан. Күйеуімді ашық әңгімеге шақырып, барлығын диктофонға жазып алдым. Істеген ісін мойындады. Кейіннен үлкен қызым да әкесінен зорлық көргенін мойындады», – дейді әйел.

13 шілде күні Анна полицияға арыз түсіргенімен, ондағылар күдіктіні ұстамаған. Сараптама нәтижесінің жоқтығын сылтауратқан. Ал жуырда әйел істің жабылғанын білген. Ол мұны күйеуінің бұрын құқық қорғау органында жұмыс істеуімен байланыстырып отыр.

Ал Павлодар облыстық ІІД былтыр қылмыстық кодекстің 124 бабы бойынша ашылған істің жабылғанын растады.

«Павлодарлық әйелдің шағымына қатысты қылмыстық іс жабылды. Тергеу барысында бірқатар сараптамалар жүргізілді. Оның нәтижесі күдіктінің қылмысқа қатысы бар екенін дәлелдемейді. Келтірілген мәліметке сәйкес, күдікті расымен де 90-жылдары құқық қорғау органдарында жұмыс істеген», – деп жауап берді ІІД.

Әйел енді прокуратураға шағым түсірмек ниетте.

Психологтар тәуліктің кез келген уақытында көмек көрсетеді. Балалар мен жасөспірімдерге арналған сенім телефоны – 111.

Тағы оқыңыз:

Қызым сыныптан жылап шықты: Ақтаулық ата-ана қызының өліміне мұғалімді кінәлап отыр

Алматыда атышулы қызылордалық қылмыскер қолға түсті

Автобус иесі қашып жүр: 52 өзбек азаматының өліміне кім жауап береді

Танымал кәсіпкер Қайрат Құдайберген оң көзінен айырылып қала жаздады

Талқылау