Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Анамды емдеп жазуға көмектесіңіздерші: оқушының жүрек тебірентер оқиғасы жалғасын тапты

Волгоград қаласында тұратын әйелдің үлкен ұлы талай жүректі елжіреткен інісінің қазір немен айналысатынын айтып берді. Бұл туралы  РИА Новости  хабарлайды

Анасына дәрі алып беру үшін  көмек сұраған оқушының хаты әлеуметтік желіні пайдаланушылардың жүрегін елжіретті.  Ол жайлы ресейлік БАҚ-та да жазылды.

Алтыншы сыныптың оқушысы инсультті басынан өткерген анасына көмектесу үшін “Нимотоп” деп аталатын дәріні сатып алғысы келген. Бірақ ол дәрі жергілікті дәріханалардан табылмаған. Ол қағазға осы дәрінің қажет екенін жазып, адамдардан рақымсыз болмауды өтініп, көмек сұраған. Сосын  қаланы аралап, қағаздарды жабыстырып шыққан.

27 тамыз күні баланың анасы Светлана Сидороваға ангиневрология мен нейрохирургия Орталығының жетекшісі Кирилл Орлов ота жасады. Бүгін әйелдің жағдайы жақсы екендігі анықталды. Ол ауруханадан шығуға дайындалып жатыр. Дегенмен дәрігердің сөзінше, бас мидағы аневризм жойылып кету үшін әйелге стент жасату керек.

“Анам өзін жақсы сезінеді. Бүгін мен оны ауруханадан шығарып, үйге алып барамын”, — дейді әйелдің үлкен ұлы Андрей Шитик.

Андрей Шитик  келісімшарт бойынша Қарулы күштерде қызмет ететінін айтты. Бірақ анасына көмектесу үшін демалысқа шыққан. Ал талайдың жүрегін жаулаған  інісі Ваня оқудан бас алмайды.

 

 

Талқылау