Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Аналық сезімі оянды: Қостанайда сәбиін дәретхананың қоқыс жәшігіне тастап кеткен әйел баласын қайтарғысы келеді

Қостанай облысында 7 тамызда анасы облыстық аурухананың дәретханасындағы қоқыс жәшігіне тастап кеткен сәбиін алып кеткісі келеді.

Аналық сезімі оянды: Қостанайда сәбиін дәретхананың қоқыс жәшігіне тастап кеткен әйел баласын қайтарғысы келеді

Бұл туралы «Алау» порталына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Бүгінде сәби Қостанай облыстық балалар ауруханасында жатыр.

Аурухананың бас дәрігері Игорь Белобржицкийдің сөзінше, сәбидің жағдайы қалыпты. Оған барлық медициналық көмек көрсетілген. Ол бірер күннен кейін «Дельфин» балалар үйіне тапсырылады.

«Анасы жарты жылға бас тартатынын туралы жазып берді. Оның аналық сезімі оянды. Ұлын алып кеткісі келеді. Алайда ол баласын тастап кеткендіктен, оны өзіне қайтаруы қиынға соғады. Мұндай жағдайлар болады. Мүмкін денсаулығына, мүмкін материалдық қиындықтарына бола тастаған болар. Баланы тастайды да, алып кетеді», – дейді Игорь Белобржицкий.

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін Қостанай облысының тұрғыны әжетханада босанып, сәбиін шелектің ішіне тастап кеткен еді.

Талқылау