Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Анаконда ұрықтануды қажет етпей, өзінен өзі сегіз жыланды туды

Массачусетс штатының Бостон қаласында өзге жыланнан ұрықтанбаған анаконда сегіз жыланды туды. Олардың екеуі ғана аман қалды. Бұл туралы Daily Mirror басылымына сілтеме жасап, Stan.kz хабарлайды.

Анна атты жылан Жаңа Англия аквариумының ішінде өмір сүрген. Амазонка фаунасына арналған экспозицияның ішінде басқа да ұрғашы анакондалар болған. 

Аквариум қызметкерлерінің пікірінше, жылан көбеюдің бір жолы — партеногенезді қолданған. Партеногенез кезінде әйелге тиесілі жыныстық жасушалар үлкен ағзада ұрықтандырусыз дамиды. Зерттеуден кішкентай жыландар мен оларды туған анаконданың генетикалық кодтары бір екені белгілі болды. Осыған дейін де бір анаконда партеногенез әдісін пайдаланған екен. Бұл екінші жағдай. 

Анакондалар улы жыландардың тобына кірмейді, бес метрге дейін өседі. Ұрғашылары жұмыртқаларын баспайды,  6-7 ай көлемінде төлі құрсағында дамиды. Анакондалар бір туғанда  28-34 жылан туады. 

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр