Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ән салатын ақтаулық такси жүргізушісі желідегі қолданушыларды тебірентті (видео)

Ақтаулық такси жүргізушісі әуелі өзінің жолаушыларын, сосын Инстаграм желісіндегі қолданушылардың жүрегін тебірентті.

4ea631bf-0178-45da-8c01-6017b2c03eb8

Фото: instagram/@pe4enyushkaaa

Видео авторы Евгений Мұқашевтің айтуынша, ол 30 тамыз күні балаларымен бірге 12 ықшамауданнан такси ұстайды. Ал такси тізгіндеген аға Колобок туралы әнді нақышына келтіріп айтып бергенде, жолаушылар ерекше риза болған.

“Біз онымен сөйлестік. Немере тәрбиелеп отырған ата екен. Кеңес заманында Жаңаөзенде орыс тілі және әдебиетә пәнінің мұғалімі болыпты. Ол өте сауатты сөйлейді әрі әнді әдемі айтады. Сондай-ақ, ол бұрын облыстық қуыршақ театрында да қызмет еткенін айтты. Түрлі халықаралық фестивалдерге де қатысып, жүлде алған екен. Өте білімді әрі жайлы ақсақал. Мен таңырқап, телефонымды алып, түсіремін дегенше ол әннің үш шумағын орындап тастаған еді. Тек соңғы жағы ғана түсірілді. Ол күні атай балалардың ғана емес, біздің де көңіл-күйімізді көтерді”, – дейді видео авторы.

Талқылау