Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әмиян ұрлаған 22 жастағы шымкенттік бойжеткен ұсталды

Шымкент қаласында 22 жастағы бойжеткен әмиян ұрлап істі болды. 12 сәуір күні Шымкент қаласының ҚІІБ Әл-Фараби АІІБ бөліміне Ташенова көшесіндегі автобус аялдамасында әмиян ұрланғаны жайлы хабар түскен.

5fbbaa5b3f48d64954a6b8e2ae2287a1_L

Сурет: ОҚО ІІД-нің баспасөз қызметі

Бұл туралы Оңтүстік Қазақстан облыстық Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Жәбірленушінің айтуынша, белгісіз біреу оның сөмкесіндегі ақшасы бар әмиянын байқатпастан ұрлап алған.

Жедел іздестіру шарасы кезінде Жедел жоспарлау басқармасының бейнебақылау камерасы көмегімен 1994 жылғы күдікті ұсталды. Күдіктіден ұрланған әмиян табылған.

Аталған іс ҚР ҚК «Ұрлау» бабы бойынша тіркеліп, қылмыстық іс қозғалды. Қазір тергеу жүргізіліп, күдіктінің өзге де қылмыстық әрекеттерге қатысы бар-жоғы анықталып жатыр.

Талқылау