Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әміржан Қосанов өзін "саяси өлік" деп атағандарға жауап берді

Сайлаудың нақты қорытындысы жарияланбай жатып сайлаудың толық өткенін мойындаған, жеңісті сыйлағандай болған мәлімдемесі мыңдаған жақтасының ашуын тудырған. Желіде кейбірі тіпті саяси өлік деп аса ауыр сынға алып жатты.

Әміржан Қосанов өзін

Бұған Қосановтың өзі жауап берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі «31 арнаға» сілтеме жасап хабарлайды.

"Саяси өлікпін бе, жоқ па, оны уақыт көрсетеді. Сонымен қатар менің алдағы уақыттағы әрекетім мен сөзім көрсетеді", - деді Қосанов.

Әміржан Қосанов сайлаудан жеңілген өзге де үміткерлер секілді бастысы саяси додадан тәжірибе жинадық деп ақталды. 

Өз ұйымымен парламенттік сайлауға қатысатын жоспарын да жасырмады. 

"Сізден 1,5 млн жақтасыңыз сырт айналып кетті", "Сіз білесіз бе, сізге дауыс беріп, сіз үшін оқудан шығып кеткен балалар бар" деді сауал қоюшылардың бірі.

Талқылау