Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Әміржан Қосанов әйелі мен балалары немен айналысатынын айтты

Президенттіке үміткер Әміржан Қосанов Баян Мақсатқызына берген сұхбатында алдағы сайлау, халықтың осал тұстары, жоспарлары, отбасы туралы әңгімелеп берді, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Отбасы туралы әңгіме қозғаған саясаткер  Қосанов: «Жақсы әкемін деп айта алмаймын, ер адам түздің адамы деген сөз бар ғой қазақта, біз сол сырттың жұмысымен көп жүрдік. Жұбайым Роза политехті тәмамдады (Қаныш Сәтпаев атындағы Қазақ ұлттық политехникалық университет – ред.), екеуміз бірге оқыдық. 30 жыл болды отасқанымызға. Біраз қызметте жүрді, сосын үшінші қызымыз туғанда үй шаруасына шықты. 

Үлкен қызым 1990-ншы жылғы, бәрі Алматыдағы 159 мектепті бітірді. «Алтын медальға» аяқтады. Сондықтан таныстықпен мектепке қабылданды деп айта алмаймын. Өз білімін өзі дәлелдеп шықты. КИМЕП-ке «Аудит» мамандығы бойынша оқуға түсіп, кейін халықаралық компанияда жұмыс істеді, артынан Лионға (Франция – ред.) Халықаралық бизнес мектебіне грант ұтып алды. Қазір Парижде, халықаралық компанияда кеңесші болып жұмыс істейді.

2000-ншы жылдар басында отбасыма қысым көрсетілді, сондықтан әдейі аттарын атамай отырмын. Екінші балам, ұлым, КИМЕП-ті бітірді, кейін орта-шағын бизнесте жүрді, отбасын құрған, екі жыл бұрын үйленді, қазір Астанада қызметте. Кенже қызым, НИШ-ті бітірді, қазір Будапеште дизайнерлік білім алуда. Әлі немерелерім жоқ», - деп жауап берді. 

Әйеліңізді мүлдем көрсетпейсіз деген сауалға: «Әйеліммен ақылдасайын, егер қарсы болмаса көрсетемін, өз кезінде мемлекеттік мансапта жолым болды, бірақ қазір оппозициядағы адамның әйелі болу оңай емес, дегенмен ол әрдайым қолдап, ешқашан қарсы шыққан жоқ, керісінше мені қайрап, күш-қуат беріп тұрады. Біз студенттік кезінде таныстық. Тек қана махаббатым, әйелім емес, Менің ақылшым, өте сауатты. Анамның сүйікті келіндерінің бірі, оған ризамын осы үшін. Анам екеуі есікті жауып қойып, ас үйде шүйіркелесіп отырғанда өте риза боламын», - деді ол.

Қосанов анасының сөзін үнемі тыңдайтынын, бірақ анасы мен әйелінің сөзі бірауыздан шығатынын айтты:

«Әйелімнің алған тәрбиесі шығар. Қайын атам мен қайын енем қыздарынан көрі мені жоғары қоятын, өте парасатты адамдар. Бұған қатысты еқшандай конфликт болған емес», - деді.

Кім асты дәмдірек даярлайды деген сауалға оппозиционер «Бір досым айтады, сенің анаңның еті ең дәмді, себебі ол етін аямай мол салатын деп, қазір, әрине, көп дайындамайды» деп қалжыңдады.

Саясаткер оппозицияға келуіне әділдікке деген құмарлығы себеп болғанын айтты. Сонымен қатар, Қосанов билікке келсе, бір президенттік мерзімге келетінін жеткізді.

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр