Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Америка миллионері жақында доллардың “құлдырайтынын” болжады

Америка миллионері Джим Роджерстің айтуынша, алдағы 12 ай ішінде АҚШ экономикасы құлдырап, америка валютасы «көпіршікке » айналады.

998135196

Сурет: ria.ru 

«АҚШ-тағы соңғы құлдыраудан кейін 7-8 жыл уақыт өтті. АҚШ-тың қарыздарын білесіз бе? Жапонияны да рецессия жайлап тұр. Қытайда өсімді баяулатып жатыр. Европаның жартысы рецессияда», – дейді Джим Роджерс.

Оның айтуынша, экономиканың құлдырауы барлық факторларға әсер етеді. Әлемдік дағдарыс кезінде инвесторлар ақша қорын доллармен сақтауды жөн көріп, тәуекелдерге барады.

«Әлемдік нарық құлдырайтын болса, барлығы ақшаларын доллармен сақтағандықтан бұл валютаның саны соншалық артып құнсызданады», – дейді Роджерс.

73 жастағы Джим Роджерс Америка кәсіпкері, инвестор әрі жазушы. Ол өзінің Rogers Holdings and Beeland Interests Inc компаниясын басқарады. Экономикалық тұрғыда сарапшы есебінде танымал. 2015 жылы оның табысы 300 миллион долларға бағаланған болатын.

Талқылау