Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Американдық колледж өз студенттерін таксимен тасымалдайды

Білім беру мекемесіне дейін қоғамдық көлік қатынамайды. Сол себепті колледж білімгерлердің оқу ордасына таксимен келіп-кетуінің ақысын өз мойнына алған.

sluzhby-taksi-_750

АҚШ-тың Массачусетс штатында білімгерлер оқу орнына Uber такси қызметімен барады. Білім ошағына ешқандай қоғамдық көлік қатынамайтындықтан, басшылық такси шығынын өз мойнына алған, деп жазды npr.org.

Білім ошағына ең жақын автобус аялдамасы коллежден алты шақырым қашықтықтағы сауда үйінің маңында орналасқан. Осы кедергінің кесірінен көптеген студенттер, тіпті, басқа оқу орнына ауысуға мәжбүр болған.

«Колледжге жету мүмкін болмағандықтан да студенттер колледжден кетіп жатты. Олар отбасы, оқу мен жұмыстың ортасында жүреді. Сол себепті олар өмір сүруді жеңілдететін қызмет түрлерін ұсынған оқу орындарын таңдайды», – деп атап өтті колледждің әлеуметтік зерттеулер орталығының қызметкері Мелинда Карп.

Колледж президенті Патрисия Жентиль жолаушыларды таксимен тасымалдайтын Uber компаниясымен келісім-шартқа отырған. Аталмыш компания студенттерге арнап арзандатылған бағада тарифтер ұсынған. Колледж әр сапарға 10 доллардан төлеуге міндетті. Осылайша, тіпті, тұрмыстық жағдайы төмен отбасылардан шыққан студенттер де оқу ордасына таксимен қатынай алады.

Жентильдің сөзіне қарағанда, аталмыш жобаны жүзеге асыруға 40 мың доллар көлемінде қаражат бөлінген. Сондай-ақ, өзге оқу орындары Uber-мен келісім-шартқа отыруға қызығушылық танытып отыр.

Жіберіп алмаңыз:

Трамптың сайтынан АҚШ-қа мұсылмандардың кіруіне тыйым салатыны туралы тармақ жоғалып кетті

Барак Обама қызметтен кеткен соң такси жүргізетінін айтты

Украинада 24 жастағы ару вице-министр қызметіне тағайындалды

Ванга АҚШ-тың соңғы президенті Барак Обама болады деп болжаған

Талқылау