Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Америкалықтар қазақстандық боксшылар туралы фильм түсірді (видео)

Feed The Flame бағдарламасының жүргізушісі Пол Стюарт олимпиада чемпионы Данияр Елеусіновте қонақта болып, құраманың бас бапкері Мырзағали Айтжановпен де тілдескен.

Бұл туралы Sports.kz жазады.

Пол Стюарт өзінің Қазақстанға келу сапары барысында отандық спортшылардың халықаралық деңгейлерде жетістікке жетулерінің сырына қанықпақ. Ұлттық құраманың бас бапкері және жұлдызды боксшысымен әңгімелескен Стюарт, атқа мініп, жылқы етінің дәмін де татып көрген.

“Спортта жетістікке жетуге көптеген факторлар әсер етеді. Қазақтарда дұрыс тамақтану, спортқа деген ерекше сүйіспеншілік түп негізінен қалыптасқан екен. Ғасырлар бойы олар атты көлік қылып мінген, етін азық қылған”, – дейді таңырқаған Стюарт.

Стюарттың пікірінше, Қазақстанның жоғарғы деңгейлі боксшыларының бойында ежелден қалыптасқан, бабалардан қанмен берілген мықтылық бар. Сол қасиеттері оларды жеңіске жетелейді дейді.

Талқылау