Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Америкалықтар айфонды ананастың ішіне салып биіктен лақтырды (видео)

Америкалық блогерлер iPhone 6 телефонына сынақ жасап көрді. Олар ананастың шағын бөлігін кесіп алып, оның ішіне айфонды салып көпқабатты үйдің төбесіне көтерілді.

сыс

Жоғарғы биіктіктен айфон салынған ананас қабығын төмен қарай тастайды. Нәтижесінде ананан бірнеше бөлікке бөлініп кетіп, айфонның экраны шытынаған. Бірақ биіктен жерге қатты жылдамдықпен құлағанына қарамастан құрылғы толықтай дерлік жұмыс істеп тұрды.

Аталмыш сынақ 4 күннің ішінде YouTube порталында миллионнан астам көрілім жинады. Канал иелері тұрақты түрде сматрфондардың сапасын тексеріп келеді. Бұл тұрақтың шатырынан олар айфонды қарбыздың, жөргектің ішіне салып лақтырып, өртеп, тіпті бассейнге де салып көрген.

“Айфон бұзғыштардың” каналына 1,9 миллион оқырман жазылған.

Талқылау