Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жігіт сүйіктісі билеген түнгі клубты өртеп жіберді

Сүйіктісін стриптиз билеуден бас тартуға көндіре алмаған жігіт түнгі клубты өртеп жіберді. Жас жігітке 10 мың АҚШ доллары көлеміне айыппұл салынды, деп хабарлайды Daily Mail басылымына сілтеп Stan.kz.

Сурет: Әлеуметтік желіден

АҚШ-тың Батыс Вирджиния штатындағы Ханглингтон қаласының тұрғыны Крио Бишоп стриптиз клубты өртеп жібергені үшін тұтқындалды.

Жігіт сүйіктісінің стриптиз билеуден бас тартқанын қалап, оны көндіре алмай қойған. Қолынан ештеңе келмеген Бишоп түнде стриптиз клубқа ұрланып кіріп, өртеп жіберген. Күзетшілер мен клубқа келушілер өртті дер кезінде байқапты. Нәтижесінде ешкім зардап шеккен жоқ. Оқиға орнына шақырылған полиция қызметкерлері күдіктіні анықтап, ұстап әкеткен.

Клуб иесі Бишоптың сүйіктісі түнгі клубта 6 айдан бері жұмыс істеп келе жатқанын мойындаған. Ендігі ол жас қызды жұмыстан шығаруға мәжбүр.

«Маған мұндай шешім қабылдау қиын. Бірақ мен өз кәсібімді қорғауым керек. Оның жігіті қайтып келіп, тағы да өрт шығармасына кім кепіл?» – деді клуб иесі.

Ал жас жігітке түнгі клубты өрте орамақ болғаны үшін 10 мың АҚШ доллары көлемінде айыппұл салынды.

Оқи отырыңыз:

Үндістанда адам жегіш жолбарыс үйлену тойының шырқын бұзды (видео)

Солтүстік Кореяда тұтқында өткен 40 жыл: Америкалық қашқынның оқиғасы (фото)

Мысық кір жуғыш машинада киімдермен бірге 40 минут бойы жуылып кеткен

Ресейде аюға ұқсайтын ерекше төбет табылды (фото)

Талқылау