Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Америкалық жігіт фаст-фудпен бөліспеген әкесін өлтіріп, анасын пышақтаған

Күдіктінің ата-анасы тек өздеріне ғана фаст-фуд тағамына тапсырыс жасап, ұлына ешнәрсе қалдырмаған.

pic_bbc44ec745984e9073dfa7ce15eedbc3

Бұл туралы STAN.KZ New York Daily News басылымына сілтіме жасап хабарлайды.

Әкесін өлтіріп, анасын өлтірмекке ниеттенген Американың Луизина штатының тұрғынына адам өлтіру ісі бойынша айып тағылды. Оқиға 25 қараша күні орын алған. 58 жастағы Персиваль Притчетті өз үйінде қинап өлтірілген. Оның әйелі, 57 жастағы Рента Притчетт пышақпен жараланған. ол қазір ауруханадан шығарылды.

Бұл оқиғаға айыпты олардың ұлы, 32 жастағы Рональд Притчетт болып шықты. Оқиғаның мән-жайын анықтау барысында күдіктінің ата-анасы тек өздеріне ғана фаст-фуд тағамына тапсырыс жасап, ұлына ешнәрсе қалдырмаған. Күдікті бейсенбі күні, 26 қарашада Миссисипиде тұратын туыстарының үйінен табылды. Оған өлтіруге әрекет еткені үшін, екінші дәрежелі адам өлтіру мен көлікті айдап кету ісі бойынша айып тағылды.

Талқылау