Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Америкалық жасөспірімдер аналарына алтын тіс салып беру үшін байлардың үйін тонаған

Флорида штатында жасөспірімдер Porsche Cayman көлігін ұрлап, алтын тіс, сәндік бұйымдар мен туыстарына көлік алу үшін 200 мың долларды ұрлап кеткен деп күдікке ілінді.

88888

Бұл туралы Daily Mail хабарлайды.

Іс бойынша тексеріс екі ай уақытқа созылған. 27 сәуір күні 14-16 жас аралығындағы жасөспірімдер Форт-Лодердейл қаласынан Hyundai Santa Fe көлігін ұрлап, Солтүстік Хатчисонға тартып отырған. Онда олар Бретта Браунингтің үйін тонап, 200 мың доллар, екі тапаншаны қолды қылып, 2014 жылы шыққан Porsche Cayman-ды мініп кетеді. Үйіне келіп тонаушылықты көрген ер адам бірден полиция шақыртады.

Тек Porsche Cayman табылғаннан кейін ғана қылмыскерлердің кім екенін анықтау мүмкін болған. Ол жерде тонаушылардың бірінің құжаты түсіп қалыпты.

Тергеу кезінде жасөспірімдер ұрланған ақшаны туыстарына сыйлық алу үшін жұмсағандарын мойындапты. Тіпті олардың бірі анасының алтын тісі (11 мың доллар) мен алтын алқасын (10 мың доллар) төлеп берген. Ал енді бірі ағасына Mercedes C300 (25 мың доллар) автокөлігін сыйға тартыпты. Оның сыбайластары да бірнеше көлік сатып алып, туыстарына түрлі сыйлықтар үлестірген. Қазіргі таңда қылмыскерлер Сент-Луситүрмесінде отыр.

Оқи отырыңыз:

Қырғызстанда тура шекарада қанды теракті жасамақ болғандар қолға түсті

Британдық газет Астананы Сингапурге теңеп жазды

Брэд Питт екі әйелмен бірдей кездесіп жүр

БАӘ ханшайымдары қызметшілерін кемсіткендері үшін жазаға кесілді

Талқылау