Америкалық жүрексіз 17 ай жүрген

Бейсенбі, 9 Маусым , 2016 19:05

АҚШ-та  жүректің орнын басатын жаңа қондырғыға жасалған ғылыми сынақ жақсы нәтиже берген. Мысалы жұрек ауыстыру кезегінде тұрған адамның дерті асқыны, мүмкін болмай баражатқан кезде осы құрылғының көмегімен өмір сүруін жалғастыра береді.

науқас

Стэн Ларкин есімді азамат сөмкесінде жатқан құрылғының көмегімен 17 ай жүрді, деп жазады CNET

Ларкиннің жасы қазір 25-те. Оның үлкен ағасына да 10 жыл бұрын  қанмен келетін жүрек ауруы бар деген диагноз қойылған. Жігіттердің бойындағы дерт бойынша адам 10-20 жас аралығын үнемі жүрегі тоқтап қалабереді.

2014 жылдың желтоқсанында дәрігерлер Ларкиннің жүрегін мүлде алып тастап, жасандысын қоған. Жасанды жүректі жігіттің сөмкесіндегі SynCardia Freedom Portable Driver  деп аталатын салмағы алты келі шығатын аппаратқа жалғаған. Бұл құрылғы жасанды жүрек арқылы адам бойындағы қан айналымын реттеп отырады.

Құрылғы жүрегі мүлде тоқтап қалған адамдарға арналған. Құрылғыны пайдаланған адам оны өзімен бірге алып жүруі тиіс. Бұған дейін жасанды жүрекке таңылған адамдар жүздеген келі шығатын құрылғының қасында отыруға мәжбүр еді. Ал 2014 жылы  SynCardia Freedom Portable Driver құрылғысына сынақ жасалып, нәтижесіне дәрігерлердің көңілі көншіген.

Қазіргі кезде ағза ауыстыруға мәжбүр адамдардың саны жыл санап өсіп келеді. Бір ғана АҚШ-тың өзінде  жүрек трансплантациясына 121 мың науқас кезек күтіп отыр. Дереу жасау мүмкін емес ота болғандықтан жүрек күткен 22 адам күніне қайтыс болады екен.

 

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
27.05.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар