Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Америкалық турист ыстық гейзерге құлап көз жұмды

Туристік сүрлеуден басқа бағытқа ауысып кеткен 23 жастағы жігіт Йеллоустон саябағындағы ыстық гейзерге тап болған.

415

Сурет didanov.blog.bg

Бұл туралы life.ru хабарлайды.

23 жастағы Натаниэль Колин Скотт саябақта әпкесімен бірге қыдырып жүрген. Кенет оның аяғы тайып кетіп, салмақ теңдігін ұстай алмай ыстық гейзерден бір-ақ шыққан.

Оның денесі әлі табылмады. Бірақ, саябақ баспасөз қызметкері оның жекелеген заттарының табылып жатқанын айтады. Ал саябақ басшылығы болса, туристер негізгі жүруге тиіс бағыттан 200 метрге ауытқып кеткен дейді.

Йеллоустоун саябағындағы гейзерлердің температурасы цельсий шкаласы бойынша 96,5 градус болады екен.

Осындай жағдай бір апта ішінде екі рет қайталанып отыр. Бұған дейін 13 жасар бала да гейзерге құлап денесін күйдіріп алған еді.

 

 

Талқылау