Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Америкалық тұрғын «Макдональдс» мейрамханасынан алты жыл бұрын сатып алынған тамақты көрсетті

АҚШ тұрғыны Дженнифер Ловдаль «Макдоналдс» мейрамханасынан сатып алынған астың қаншалықты ұзақ мерзімге дейін сақталатынын тексеру үшін арнайы сынақ жүргізген. Ол үшін өзінің тамағын алты жыл бойы жұмыс орынында сақтаған.

12508752_10153433396630669_2185279958079122870_n

Суреттер Дженнифер Ловдалдың Фейсбуктағы парақшасынан алынды

Бұл туралы lenta.ru сайты хабарлайды.

Белгіленген мерзім өткеннен кейін ашып қарағанда қуырылған картоптардан жасалған тағам әлі де дәмін жоғалтпай, балғын күйінде сақталыпты. Ол тамақтың еш бүлінбегенін, көгермегенін, шіріп кетпегенін өзінің Фейсбуктағы парақшасында таңырқай жазған.

Сынақ қорытындысында, ол «Макдоналдс» тағамдарында химиялық қоспалардың көп екенін айтқан. «Тамақ емес, сыртқы қаптамасы ыдырап бұзылып кетті»,-деп жазады Дженнифер.12644800_10153433396535669_3718862238334812472_n

Жылдам тағам дайындайтын «Макдоналдс» мейрамханалар желісі ағайынды Дик және Мак Макдоналдтардың бастамасымен 1940 жылы құрылған. Олар алғашқы мейрамханаларын Калифорния штатындағы Сан-Бернардино қаласында ашқан. Қазіргі кезде ең көп клиент жинайтын әлемдік мейрамханалар тізімінде екінші орында тұр.

Талқылау