Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Америкалық танымал актер Майкл Джейс әйелін өлтіргені үшін 40 жылға сотталуы мүмкін

Америкалық  актер  Майкл  Джейс көпшілікке  танымал «Щит» телехикаясы мен «Форрест Гамп», «Планета обезъян» фильмдері арқылы таныс. Лос-Анджелес соты актер Майклды әйелінің өліміне кінәлі деп тапты.

актерррр

Бұл туралы ВВС сайты жазды.

Соттан мемлекеттік айыптаушы актерді 40 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады.

Майклдың әйелі 2014 жылдың мамырында қайтыс болған еді. Болған жайтты полицияға актердің өзі хабарлап айтқан еді. Ол 911 телефонына қоңырау шалып, операторға әйелін өзі атып алғанын айтқан.

Оқиға орнына келген полиция  актердің үйіндегі дәлізден 40 жастағы  Эйприл Джейсті өлі күйінде тапқан. Сол маңда әйел атылған қару да жатқан.

Майкл Джейс әйелінің әкесіне тиесілі қарумен  Эйприлді бірінші арқа тұсынан, сосын аяғынан атқан. Оқиғаны актердің екі баласы өз көздерімен көрген.

Актердің қазір 10 жасқа толған баласының айтуы бойынша Джейс әйелін атбас бұрын «Сен  қашқанды жақсы көресің ғой, онда  бұлттардың арасына қарай қаш» деген.

53 жастағы Майкл Джейс  өзін қорғап сөз сөйлеуден мүлде  бас тартқан. Бұған дейін актер полицияға болған оқиғадан кейін өзін атып тастамақшы болғанын, бірақ ол қолынан келмегенін айтқан.

Актердың қорғаушылары сотта ол әйелін әдейі  жоспармен емес ашу үстінде атып алғанын түсіндірмек болған. Сот үкімі 10 маусымда оқылады

 

Талқылау