Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

National Geographic фотобәйгесіне павлодарлық жылқышылардың суреттері ұсынылды

Америкалық саяхатшы Райан Белл National Geographic фотобәйгесінде павлодарлық жылқышылардың суреттерін ұсынды.

In the Pavlodar region of northeast Kazakhstan, horsemen drive their herd to a corral where they'll spend the night. Kazakhs must guard their animals at all times against horse thieves (a time-honored tradition in Kazakshtan) and predators like the steppe wolf. Pastoralists have lived in this region of Kazakhstan for at least 5,000 years. Archeologists have discovered the oldest-known remains of a domesticated horse at a sight located about 100 miles from where I took this picture.

Бұл туралы Экспресс К басылымы хабарлайды.

“Олар бұл жерде 5 мың жылдан бері мекен етіп келеді! Алғаш қолға үйретілген аттардың сүйектері мен суретке түсірден 160 шақырым жерден табылған”, – дейді ол үлкен таңғалыспен.

Күн ұясына батып бара жатқан шақтағы салт атты жылқышының аттарды алдына салып айдап келе жатқан суреті лезде америкалық және британиялық басылымдар бетіне де шығып үлгерді.

Автор бұрынғы бабалары секілді қазіргі жылқышылардың да өмірі қауіпке толы екенін атап өткен.

“Олар үнемі өз қарауындағы жылқыларын барымташылар мен дала қасқырларынан қорғауға мәжбүр”, – деп жазады Райан Белл.

Павел Воронин

Жіберіп алмаңыз:

National Geographic журналы қазақ емшісі туралы мақала жариялады (видео)

National Geographic фотографы қазақтың үйлену тойын түсіруге жас жұбайларды іздестіруде

National Geographic ақтаулық шабандоздардың суретін жариялады

Талқылау