Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Америкалық отбасының суреті интернет қолданушыларының басын қатырды

Америкалық жоғары сынып оқушысы Кейлан Махоум әлеуметтік желіде “Анам, менің егізім және мен” деген атаумен сурет жария етті. Кейланның отбасымен түскен суреті сол сәттен-ақ интернеттегі таңырқауға ұласқан қызу талқылауға себеп болды.

9b246d1f6c1a5a

Суреттегі үшеуінің де бір қарағанда жастары шамалас секілді. Әлеуметтік желі қолданушылары болса үшеуінің қайсысы анасы болуы мүмкін деген сауалға бас қатырып жатыр. Көпшілігі, суреттегі үшем немесе құрдастар болуы мүмкін деген болжам айтуда.

Бұл сурет қаңтар айының аяғында жарияланған еді. Ал Кейлан болса, бірнеше күн бұрын, сол жақтағы өздерінің анасы екенін айтты.

Безымянный

Қазіргі кезге дейін бұл ерекше твит 20 мың ретвит жинап үлгерген. Қыздың аккаунтына жазылғандар саны 17 мың адамға артқан.

Талқылау