Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Америкада бір отбасы лотереядан 430 миллион доллар ұтты

АҚШ-та қара нәсілді бір отбасы лотереядан 430 миллионға сәл жетпейтін соманы ұтып алды. Power Ball лотересяның джекпоты Нью-Джерсиде тұратын әйел Пэрли Смит пен оның жеті қызына бұйырған.

loto

Сурет: promocod.kz 

Олар лотерея билетін 6 долларға сатып алған еді. Пэрлидің айтуынша, мол байлық әкелген сандар 7 қызының біреуінің түсіне кірген екен. Енді олар ұтысының 10 пайызын шіркеуге береміз деп уәде етіп отыр. Бұл – АҚШ тарихындағы тоғызынша ірі ұтыс. Айта кетер бір жайт, ұтыс әкелетін 9 санды табу ықтималдығы 292 миллионға бірді құрайды.

– “Отбасымыз джекпот ұтқанын білгенде таңқалдық. Бұл құдайдың көмегі болған деп санаймын. Бәріміздің жүзеге асырғысы келетін армандарымыз бар, олар қоғам мүддесіне арналған жұмыспен байланысты. Осы ойларымызды орындауға мүмкіндік бергендей сезінеміз”, – дейді Валери Артур, лотерея жеңімпазы.

Талқылау