Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Америкалық оқушы кедей отбасыдан шыққан досын құпия тамақтандырып жүрген

Нью-Мексика штатында тұратын оқушы Дилан Дюран бірнеше ай бойы анасынан мектепке барар кезде екі адамға арналған түскі ас беруін сұраған.

nz1.ru_14769012073

Бұл туралы nz1.ru хабарлайды.

Кейін белгілі болғандай мұның бәрін ол досы үшін жасапты. Оқушы түскі асын кедейліктің кесірінен тамақ ішпей жүрген досымен бөліскен.

“Мен бұл тамақты мектептегі кішкентай балаға беремін. Ол күні бойы аш отырады, тек стакандағы тәтті суды іше береді, деп айтты балам”, – дейді анасы Жозетт Дюран. Ақырында кедей баланың анасы Диланның анасымен кездескен.

nz1.ru_14769012041

“Менің балам оның баласын тамақтандырғаны үшін, анасы маған ақша ұсынды. Алайда мен оны қабылдамадым. Ол жақында ғана жұмысқа тұрғандықтан, отбасының қиын жағдайда екенін айтты. Бізде ұлымыз екеуміз сондай өмірді бастан кешкенбіз. Үйіміз болмай, көлікте қонып жүрдік. Мұның қандай екенін мен жақсы білемін”, – дейді Жозетт.

nz1.ru_14769012062

Диланға алғыс білдіру үшін мектепте 400 доллардай ақша жиналған. Алайда Дилан бұл ақшаны басқа оқушының қажетіне жұмсапты. “Біз бұл ақшаны түскі асқа қарыз болып қалған балаға беріп, қарызын жаптық. Ешкімнің қарны ашпаса екен”, – дейді анасы.

Оқи отырыңыз:

Баян Мақсатқызы бұрынғы күйеуіне неліктен кешірім бергенінің себебін айтты

22 жастағы алматылық ару қалталы азамат іздейтінін айтып өзін саудаға шығарды (фото)

Қазақстандықтар туыстарының үйінде айдан артық қона алмауы мүмкін

Алматы облысының тұрғыны өзін зорлаған жігітке тұрмысқа шықты

Талқылау