Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Америкада мектептер бірлестігі мұғалімі арбаған оқушыға 6 миллион доллар төлейтін болды

АҚШ-тың Калифорния штатына қарасты  Редлендс округінің  мемлекеттік мектептер бірлестігі  бұрыңғы оқушысына айыппұл төлейтін болды. Айыппұл болғандада рекордтық сомада. Жоғары сынып оқушысы  ағылшын тілі пәнінің мұғалімі  Лора  Вайтхерст  өзін алдап, төсек қатынасына тартты деп шағым түсірген. Ең көп көлемдегі өтемақы жайлы  мектептер бірлестігінің сайты арқылы тараған баспасөз баяндамасында жазылған.

мұғалім

Округ өкілдерінің сөзінше мұндай көп қаржыны олар шағымданушы қайтадан сотқа жүгінбесін деген мақсатта төлеп отыр екен. Шағымданушы  өз қорғаушысымен бірге осы қаржыны алса әрі қарай мектепті мазаламайтындарын айтқан.

Өзін жәбірленуші деп атаған оқушының ата-анасы мен қоғаушысы мектептен мұғалімдерді жағымсыз әдеттеріне байланысты, қатаң бақылаудан өткізуді талап еткен.

Мектептер бірлестігінің өкілі  сот алқабилерінің осы жолғы үкіміне келіспесе, келесі соттарда айыппұлдың еселеп көбейіп кетуі мүмкін екенін айтады. Дегенмен  шағымданушы осыны пайдаланып кетпес үшін  қорғаушылар  өтемақы төленгеннен кейін ешқандай да қайта шағым жазылмайтынына келіскен.

Лора Вайтхерст жайлы бұл оқиға 2013 жылдың  көктемінде болған. 2007 жылы жұмысқа тұрған бұрыңғы мұғалім оқушыларға ағылшын тілі пәнінен сабақ берген.

2013 жылы мұғалім өз оқушысынан бала босанып алады. 16 жасар оқушының анасы бұл жағдайды білісімен мектепке хабарласып, полиция шақыртқан.

ұстаз

Осы оқиға бойынша БАҚ-жа ақпарат жарияланысымен  мұғалімнің арбауына түскен басқа да оқушылар шағым айта бастаған. 14-16 жас аралығындағы 41 оқушы мұғалімнің  өздерін төсек қатынасына  тартқанын айтқан. Вайтхерст болса ол шағымдардың  алтауын ғана мойындады. Осы жайт бойынша мұғалімнің ісі сотта қаралып, бір жыл бас бостандығанан айыру, бес жыл еркіндігін шектеу үкімі оқылған.

Әйел абақтыда жарты жыл отырып,  өзін жақсы ұстағаны үшін бостандыққа жіберілген. Әрине мұғаліп бұған дейін жасөспірімдерді төсек қатынасына тарту бойынша жауапқа тартылып, қамалған адамдардың арнайы тізіміне ілінген. Бұл тізімдегі адамдардың АҚШ-та жұмысқа тұруы қиын. Ол енді тек ата-анасы қасында отырған балаларға ғана сабақ оқыта алады. Сондай-ақ, келіншекке баласын жас әкесімен біргелікте  бағуға сот  рұқсатын берген. Баланың әкесі мұғалімді емес  мектептер округін сотқа беріп, қаржы өндірген еді.

 

Талқылау