Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Америкалық қыз телеарнаға тудан тігілген хиджаб киіп шықты

 Америкалық қыз “Fox News” телеарнасына патриоттық хиджаб киіп келіп, сұхбат берді. Ол Дональд Трамптың АҚШ-тағы мешіттерді жабу жайындағы ұсынысына  пікір білдірмекші болды.

enhanced-13226-1447875329-1

"Трампттың айтуынша, өшпенділік дәл мешітте туындайды екен. Мен оған келіспеймін. Ол оның дәрменсіздігін көрсетеді. Себебі, исламды терроршылармен емес өзім секілді қарапайым, жұмысшы адамдармен байланыстырып қарау керек", - дейді Саба Ахмед.

Ол тіпті, жүргізушіден, бір-екі христианның жаман әркекетіне бола мешіттерді жауып тастамайтын шығарсыздар деп те сұрады. Және ол Американы да, мұсылмандықты да мақтан ететінін айтты.

Саба Ахмед – 30 жаста. Ол заңгер, әрі Республикалық мұсылмандар бірлестігінің негізін қалаушысы.


Талқылау