Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Америкалық қыз қазақ жігітіне ғашық болып, қазақ тілін үйреніп алған (фото, видео)

Қаулан Құсайынхан мен Джулия Маклейн Астанаға бір ай бұрын Лос-Анджелес қаласынан келген еріктілер. Оларға EXPO-2017 көрмесінде жұмыс істеу ұнағаны соншалық, тағы бір ай қаламыз деп отыр.

6554

Бұл туралы astanaexpo.tv хабарлайды.

Қаулан мен Джулияның қазақша еркін сөйлеуі көрмеге келушілерді таң қалдыруда. Қаулан Қытайда өскен демесеңіз, қаны қазақ. Ал, Джулия бір жыл бойы қазақ тілін меңгерген. Оларды тек АҚШ азаматтығы ғана біріктірмейді: жарты жыл бұрын бұл жұп шаңырақ көтеріп, отбасын құрды.

6565

“Менің екі мұғалімім бар, бірі – Щучинсктен, екіншісі – Шымкенттен. Олар маған өте керемет білім берді. Мен қазақ тілін бір жыл оқыдым. Қазір біз Қауланның ата-анасымен бірге тұрамыз”, – дейді Джулия.

8989

«Мен Қазақстанға 6 жыл бұрын келгенмін, сол кезде-ақ бұл жерге ғашық болдым. Онымен қоса, бұл менің жұбайымның тарихи атамекені. Сол үшін бұл жерге келіп, үлкен іс-шараның бір бөлшегі болу мен үшін бақыт», -деп атап өтті америкалық сұлу.

Ал Қаулан қытайлық мектепті бітіргеніне қарамастан, қазақ тілін тәуір меңгерген.

“Бірақ үйде қазақша сөйлеймін. Толыққанды меңгергім келеді” дейді ол.

Оқи отырыңыз:

Балалар үйі басшылығы 14 жылдан кейін ата-анасына оралған қыздың тағдыры туралы айтып берді

Қытайда туыстары қамалған қазақтардың арызы жиіледі

Той серуенінде тікұшақпен жүріп елді дүрліктірген жас жұбайлардың кім екені белгілі болды

ІІД: Алматыда ұсталған элиталық жезөкшелер ЖОО студенттері болып шықты

Талқылау