Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Америкалық ерлі-зайыптылар алғыс ретінде досына қыздарын сыйлап жіберген

Дін жолындағы америкалық ерлі-зайыпты көрсетілген қаржылай көмекке алғыс ретінде өз қыздарын сыйға тартты.

Безымянный

Сурет neva-travelwithaninfant.blogspot.com

АҚШ-тағы Пенсильвания штатының билігі қыздарын қаржылай көмек көрсеткендерге рахмет ретінде сыйлап жіберген үш азаматты айыпқа тартты. Анабаптимзнің бір тармағын ұстанатын амиша деген атауға ие дін жолындағылар тек ауылдық жерлерде тұрады. Олар бидай өсіріп, мал бағып, шаруашылықпен айналысады.

Дениэл және Севилла Штольцфустар фермаларын құтқарғаны үшін Ли Капланға алғыс білдірмекші болғады. Олар ойласа келе 14 жастағы қыздарын сыйға тартқан. Қазір ерлі-зайыптылардың қызының жасы 18-де. Ол осы төрт жыл ішінде Капланмен тұрып, екі бала босанған.

Жуырда әлеуметтік қорғау қызметкерлері 51 жастағы Капланның үйінен 6 айлық пен 18 жас арасындағы 11 қызды тапты. Олардың барлығы әлгіндей жолмен келген “сыйлықтар” екен.

Енді Капланның мойнына жыныстық қылмыс бойынша он түрлі айыптау ілінді. Қыздарын берген ерлі-зайыптылар да жазасыз қалмайды.

Талқылау