Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Америкалық ер адам 38 шегені басымен қағып, рекорд жасады (видео)

Америкалық Джон Ферраро екі минуттың ішінде 38 шегені басымен қағып талайды таңғалдырды.

4545

Бұл туралы Daily Mail хабарлайды.

Италиялық телешоуда болған көрініс Гиннестің рекордтар кітабына еніп отыр.

Басылым, Джонның басымен шегені еркін қағу себебі ретінде, оның бас сүйегінің қалыңдығы 16 миллиметр дегенді келтіреді. Бұл әдеттегі адамның 6,5 миллиметрлік сүйегіне қарағанда әлдеқайда кең.

Ал америкалық болса бала күнінде ағаш есікті басымен соғып жайратып салған сәтінен бастап, өз басының мықтылығына сенген.

 

Талқылау