Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Америкалық егіздер 4 егіздің анасы атанды

Юта штатының Орем қаласында Керри Бункер мен Келли Уол екінші рет екі егізді дүниеге әкелді.

pic_8963f963f120f16d9e95c2ca0c6c9ce3

Сурет lenta.ru сайтынан алынды.

36 жастағы аналар бірінен соң бірі бірнеше ай аралығында босанған. Қазір егіздер 5 жаста. Бункердің тағы 2 жасар баласы бар. Бункер екінші баласын Уоллдан кейін 3 аптадан кейін дүниеге әкелген.

Аналардың айтуынша, олар апалы-сіңілі ғана емес, бір-бірінің құрбылары, көршісі әрі әріптесі. Сондықтан 9 баланы бірге өсіріп тәрбиелемек.

Олардың күйеулерінің бар-жоғы белгісіз.

Перзентхана қызметкері Райан Уайт кей егіздердің жасанды жолмен ұрықтану арқылы дүниеге келгенін айтады.

2015 жылдың 29 желтоқсанында АҚШ-та 2014 жылы егіздердің өмірге келу санының көптігі туралы мәлімет шықты. 1980 жылы 1000 баланың 19-ы егіз болса, 2014 жылы мыңның 34-і егіз болған.

Қазір егіздерді өмірге әкелу үшін арнайы технология қолданылады. Бұл технологияға негізінен жасы келген әйелдер сүйенеді екен. АҚШ-та соңғы 35 жылда алғашқы  баланы өмірге әкелген аналардың жасы 22,7-ден 26,3-ке дейін өскен.

Талқылау