Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Америкалық боксшыны жеңген қазақ жігітінің жеңісіне АҚШ-тағы жанкүйерлері ду қол шапалақтап қуанды (видео)

Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы АҚШ-та өткен кездесуде америкалық спортшы Стевен «Хитмэн» Мартинесті тізе бүктіріп, жеңіске жетті, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Америкалық боксшыны жеңген қазақ жігітінің жеңісіне АҚШ-тағы жанкүйерлері ду қол шапалақтап қуанды (видео)

Жекпе-жек АҚШ-тың Техас штатындағы Фриско қаласында өтті. Орташа салмақ дәрежесінде айқасатын спортшылардың жекпе-жегі сегіз раундқа созылады деп күтілген болатын, бірақ қазақстандық боксшы 5-ші раундта-ақ қарсыласын техникалық нокаутпен құлатты.

Сонда америкалық боксшыны жеңген Әлімханұлының жеңісіне қазақстандықтар ғана емес, сол кеште болған АҚШ-тағы жанкүйерлері де қатты қуанды. Отандасымыз қарсыласын тізе бүктіргенде олар тіпті, орындарынан тұрып, ду қол шапалақтап, үлкен қолдау көрсетті.

Ал спортшы өз кезегінде, өзіне қолдау көрсеткен барлық жанкүйерлері мен командасына алғысын білдірді.

«Барлық жанкүйерлерге ерекше алғыс айтқым келеді. Қолдауларыңызды сезіндім. Сіздерге көп рақмет. Сондай-ақ жекпе-жекке тыңғылықты дайындалуыма бар жағдайды жасаған командама да алғыс білдіремін. Жеңісті күндерде жүздесе берейік!»,- деп жазды Жәнібек Әлімханұлы өзінің инстаграм парақшасынжа жанкүйерлеріне алғыс білдіріп.

Америкалық жанкүйерлер🎉 Қазақ бокс стилі 🇰🇿

Публикация от JANIBEK | QAZAQ STYLE (@janibek_alimkhanuly_team)

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау