Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Америкалық боксшы Головкинді ағылшын тілін білмейді деп сынға алды

Төрт салмақ дәрежесі бойынша әлемнің экс-чемпионы америкалық Эдриен Бронер ешқашан жеңілмеген қазақстандық боксшы Геннадий Головкинді сынға алды.

carlos-molina-adrien-broner-fight-racist-remarks-ftr

Бұл туралы vesti.kz хабарлайды.

Ол өзінің филиппиндік Мэнни Пакьяомен міндетті түрде кездесуі керектігін айтты.

“Мен оған керекпін. Пакьяомен екеуміздің кездесуіміз сұмдық көрермен жинайды. Головкин де штаттарда танымал болуға күш салып жатыр. Бірақ ол ағылшын тілін білмейді. Ал егер мені PPV (ақылы көрсетілім) жүйесіне қойса, бәрі маған қараушы еді”, – дейді америкалық боксшы.

Головкин 2014 жылы ағылшын тіліне қатысты ойымен бөліскен болатын.

“Ағылшын тілін мен толықтай меңгердім деп айта алмаймын. Бірақ күн сайын залда бокс терминдерін пайдаланамын. Бапкеріммен, балалармен сөйлесемін. Әзірге толықтай үйреніп, курстарға қатысуға уақыт табылмай жатыр”, – деген еді Головкин.

Бұған дейін Головкин-Джейкобс кездесуінің 18 наурызға бекітілгені хабарланған еді. Бокс кеші Нью-Йорк қаласында өтеді. Қазіргі таңда билет құны да анықталған. Ең төменгі билет бағасы 100 доллар болса, ең қымбаты – мың долларға дейін жетеді.

Жекпе-жекке билеттерді Madison Square Garden кассасынан немесе Ticketmaster.com сайты арқылы тапсырыс беріп алуға болады. Жекпе-жекті HBO телеарнасы ақылы трансляция (PPV) жүйесі бойынша таратады. Көрермендер боксты көру үшін 54,95 доллардан төлеуі тиіс.

Оқи отырыңыз:

Боксшы Баду Джек төрешіні талдырып құлатты (видео)

Қазақстандық ауыр атлет Пекин олимпиадасының “чемпионы” атанды

Головкин жекпе-жек алдындағы секс туралы айтып берді

Данияр Елеусінов ресми түрде кәсіпқой боксқа ауысты

Талқылау