Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Америкалық блогер селфиқұмарларға қарсы соғыс ашты (видео)

Америкалық блогер Бадди Болтон өзінің желідегі каналында ерекше видео жариялады.

83499633-4dea-4e4c-9c50-2e3f59c14c8a

Онда ол монопад көмегімен селфи жасап тұрған туристердің жандарына жүгіріп барып, олардың селфи-таяқшаларын қолындағы өткір темір пышақпен қиып түседі. Сосын алды-артына қарамастан қаша жөнеледі.

380 мыңнан астам адам тамашалап үлгерген роликте, Болтонның “құрбандығына” айналғандардың біразы оны тырқырата қуса, енді бірі ізінен жүгіруді қажет деп таппаған. Роликке қойылған “дислайктар” саны 13 мың болса, небәрі 2,5 мың ғана “ұнайды” белгісі жиналған.

Болтон өз сұхбатында ешкімді ренжіткісі келмегеніне, тек селфиге деген қарсылығын осылай білдіргісі келгенін айтыпты. Блогерді селфи кесірінен орын алатын әлеуметтік қиындықтар алаңдатады екен. Ол селфи-таяқша ұстап тұрған адамдар сырттай тым ақымақ көрінеді дейді.

Талқылау