Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Америкалық азамат қазақстандық студент қыздарды жезөкшелікке итермелеген

АҚШ-та қазақстандық студент қыздарды жезөкшелік жолға итермелеп ақша тапқан Джейсон Купер өмір бойына бас бостандығынан айырды.

bfd9e428d601503d697dc4d5ce638419

Фото: nbcmiami.com

Бұл туралы Экспресс К басылымы хабарлайды.

Джейсон Купер бес жыл бұрын интернет арқылы екі қазақстандық студентпен танысып, оларға йога студиясында жұмыс ұсынған. Бұл үшін ол Summer Work Travel бағдарламасы аясында виза алуға көмектеседі. Бірақ, қыздар Майамиге ұшып барған кезде, Купер оларды эротикалық массаж салонында жұмыс істеуге мәжбүрлеген.

Ол жерде қазақстандық қыздар 211 жылдың маусым айынан тамыз айына дейін болған. Кейін барып қыздарды полиция босатып алған.

Флорида штатындағы сотта Джейсон Купер кінәлі болып табылып, өмір бойына бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ, ол 2,7 млн доллар айыппұл төлеуі тиіс.

Оқи отырыңыз:

Татарстанда оқушы қызбен жыныстық қатынасқа түскен мұғалім әйелге үкім шықты

Мейрамхана қонағы тәрелкесіндегі етті көріп есінен тана жаздаған

Көлік жүргізушілері WhatsApp-тағы топ арқылы тұрғындарды үйлеріне тегін жеткізіп салуда

9 жасар бала өзінің 11 айлық інісін құтқарып қалды (видео)

Талқылау