Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Америкалық азамат Антарктиданы шаңғымен алғаш болып жалғыз жүріп өтті

Америкалық Колин О’Брэди Антарктиданы жалғыз кесіп өткен алғашқы адам. Ол қосымша көмекті пайдаланған жоқ.

33 жастағы спортшы-экстремал шаңғымен 1500 шақырымды жүріп өтті. 54 күн дегенде діттеген жеріне жетті. 26 желтоқсан күні Рооса мұз қабатына көтерілді. Бастапқыда 170 келі болған жабдықтарын өзімен бірге шанамен сүйреп жүрді.

Онымен бір уақытта 49 жастағы британдық әскер офицері Льюис Радд да жүрген болатын. Олар 3 қарашада Батыс Антарктиданың Фильхнера мұздығынан бастады. Кейін әркім өз маршруты бойынша жүрді.  О’Брэди Оңтүстік полюске 40 күн дегенде жетті. Радд 41 күнде жетті.

Льюис Радд бастапқыда бртандық әскери қызметкер Генри Уорлсидің ерлігін қайталап жалғыз Антарктиданы кесіп өтпек болған. Ол 2016 жылы континетті жалғыз өткен алғашқы адам болды. Бірақ 48 шақырымға жетпеді. Кейін емханада көз жұмды.

Льюис Радд пен Колин О’Брэди демеушілерінен 200 мың доллардан ақша алған.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау