Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Америкалық әйел Роналдумен бір күнін бірге өткізу үшін 32 мың евро төледі

Калифорния тұрғыны Криштиану Роналдумен кездесіп, бір күнді футболшының қасында өткізу үшін қайырымдылық қорына 32 мың евро аударды.

Бұл туралы Bild жазады.

Әйел “Реалдың” Испания чемпионатының үйде болатын матчтарының орыннан екі билет алған. Және ол команданың жаттығуына да қатысып, өз кумирінен автограф алып, жаттығу аяқталған соң футболшымен уақытын бірге өткізе алады.

Forbes мәліметі бойынша Роналду ең жоғарғы жалақы алатын европалық атақты адамдар рейтингінде екінші орында тұр. Былтырғы жылы португал футболшысы 93 миллион доллар пайда тапқан. Бірінші орында жазушы Джоан Роулинг.

Талқылау