Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әжей өзін жалаңаш кейпінде суретке түсіріп таратқан модельді жазалауды сұрайды

Егде жастағы америкалық әйел жаттығу залында өзін тыр жалаңаш күйінде суретке түсіріп Snapchat арқылы таратып жіберген Playboy моделін жазалауды талап етуде.

Безымянный

 

Полицейлер Дэни Мэтерс жариялаған суреттегі белгісіз жалаңаш әйелді тапты. Оқиға Лос-Анжелесе болған. Суреттегі 70 жастағы егде әйел болып шықты. Ол 29 жастағы модельге қарсы шығуға дайын екенін айтқан.

8cfef03f1be107

Мэтерс рұқсатсыз біреуді жалаңаш күйінде суретке түсіріп оны жариялап жібергені үшін 6 айға дейін абақтыға жабылуы мүмкін. Модельдің адвокаты оның әдейі жасамағанын, заң бұзушылыққа абайызда жол бергенін айтып ақтауда.

Биылғы жылдың шілде айында Мэтерс Snapchat-та жаттығу залындағы жалаңаш әйелді сыртынан суретке түсіріп мазақ қылғандай жазба жариялаған.

Көптеген қолданушылар мұның әбестігін айтып сынаған. Кейіннен модель сурет пен хабарламасын өшіріп тастаған. Ол өзінің желіні дұрыс білмегендіктен шатасып жариялағанын, шындығында тек құрбысына жібермек болғанын айтып ақталды.

Артынша KLOS радиостансасынан күнделікті хабар жүргізіп жүрген Мэтерсті жұмысынан қуып жіберді. Ал, LA Fitness спорт залы оған жаттығуына өмір бойына тыйым салды.

Жіберіп алмаңыз:

Қазақстандық бойжеткен жартылай жалаңаш Playboy журналына түсті (фото)

Ең тартымды бөксе иесі Playboy-дың олимпиадалық санына түсті

“Плейбойдың” танымал моделі қарағандылық «Шахтердің» футболшысына тұрмысқа шықпақ

Талқылау