Америкалық әйел мысықтарын бағу үшін жылына 1,6 млн доллар жұмсайды (видео)
АҚШ-та тұратын 67 жастағы Линеа Латтанцио мысықтарға ерекше қамқорлық көрсетеді. Ол еріктілермен бірге жыл сайын 800 мысықты күтіп-бағады.
Бұл туралы bigpicture.ru сайты хабарлайды.
Латтанцио мысықтарды күтіп-баптаумен 1992 жылдан бастап айналысқан. Тіпті мысықтары үшін арнайы ветеринарлық білім де алған.
«Мен сол кезде осы үйді сатып алдым. Сосын біртіндеп мысықтарды баға бастадым. Бірақ, осыншалықты көп мысығым болады деп ойламағанмын», – дейді ол.
Оның еріктілерден құралған командасы осы уақыт ішінде 24 мың мысық, 7 мың итті құтқарып қала алған. Көп адам Латтанционы есінен ауысқан деп атаса да, бұл «атақ» оған ұнайды екен.
«Мен мысықты сүйетін адамдардың арасында көш бастап тұрмын. 24 жыл бойы 28 мың мысықтың жағдайын жасап келе жатқан менен басқа адам бар деп ойламаймын. Бұл менімше рекорд», – дейді ол.
Талқылау