Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Америкалық әйел күйеуінің өлі денесімен бірге Алясканы аралады

70 жастағы америкалық әйел 78 жастағы күйеуінің өлі денесін алып Алясканы аралап шықты.

 

Бұл туралы The Guardian хабарлайды.

Дене ыдырап кетпес үшін ол мүрдені алюмин материалмен орап, мұзбен жауып алған. Ол әр сәт сайын тоқтап, мұзын ауыстырып отырған. Әйелдің бұл ерсі әрекетін байқап қалған қала тұрғыны полицияға хабарласып баяндап берген. Ол мұзды ауыстырып тұрған сәтті байқап қалыпты.

Полиция болса ер адамның өлімі қалыпты табиғи жағдайда болғандықтан, әйел заңға қайшы әрекет жасамады деп есептемеген. Оған айып тақпаса да, мүрдені мәйітханаға апаруды тапсырған. Тәртіп сақшылары әйел бұл кеңеске құлақ асады деп үміттенеді.

Талқылау